ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Осы келісім нысаны әмбебап болып табылады. Төменде көрсетілген Дербес деректерді жинауға және өңдеуге Субъектінің келісім беруі Субъектінің тізімде көрсетілген барлық дербес дерегін ұсынуға міндетті екенін білдірмейді. Субъект Операторға өзінің өтінімі бойынша қызмет көрсетуге/операция жүргізуге/мәмілені орындауға қажетті көлемдегі ғана дербес деректерін ұсынады.
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ (бұдан әрі – «Келісім»)
Мен, дербес деректер субъектісі (бұдан әрі – «Субъект») және (немесе) Субъектінің заңды өкілі, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес «BCC»* Қаржы тобының құрамына кіретін ұйымдарға (бұдан әрі жиынтығында және (немесе) жеке-жеке «Меншік иесі», «Оператор»), Меншік иесінің және (немесе) Оператордың серіктестеріне дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге, жалпыға қолжетімді көздерде таратуға, сондай-ақ трансшекаралық беруге келісім беремін және Меншік иесінің және (немесе) Оператордың ресми интернет-ресурсында жарияланған, жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесімен танысқанымды растаймын.
Бұл ретте аталған ұйымдардың әрқайсысы дербес деректердің Меншік иесі және (немесе) Операторы болып табылады, оларды жинау мен өңдеуді ол көрсетілетін қызметтер мен жүзеге асырылатын қызмет шеңберінде жүзеге асыратын дербес деректерге қатысты ғана.
Осы Келісім Меншік иесіне және (немесе) Операторға Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) заңнамасында белгіленген тәртіппен цифрлық объектілер арқылы дербес деректерді автоматтандырылған өңдеуді жүзеге асыруға, сондай-ақ өзге де көздерден және үшінші тұлғалардан дербес деректерді жинауға құқық береді.
I. Жиналатын дербес деректердің тізбесі:
- тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН); туған күні және туу туралы деректер; жынысы; суреті және биометриялық вектор (фото/бейне/аудио және өзге биометриялық деректер); жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері; азаматтығы; резиденттігі (резиденттік елі және салық резиденттігі); тіркелген және тұратын мекенжайы; байланыс деректері: ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) басқа телефон нөмірі, электрондық пошта;
- мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың цифрлық объектілерінен алынған мәліметтер;
- өтінімді қарау үшін, сондай-ақ Меншік иесінің және (немесе) Оператордың банктік және (немесе) брокерлік қызметтерді және (немесе) номиналды ұстау қызметтерін және (немесе) активтерді сенімгерлік басқару қызметтерін, сақтандыру қызметтерін, лизингті және (немесе) көрсетілген өтінім негізінде басқа да қызметтерді көрсетуі үшін байланысты және қажетті мәліметтер;
- банк құпиясын, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын және ҚР заңнамасымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер;
- ҚР заңнамасының талаптарына, сондай-ақ Меншік иесінің және (немесе) Оператордың ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес сауалнамаларды, өтініштерді, шарттарды және өзге де құжаттарды толтыруға, сондай-ақ дерекнаманы (досьені) қалыптастыруға қажетті мәліметтер;
- Субъектінің кредит қабілеттілігін, төлем қабілеттілігін және сенімділігін бағалау үшін қажетті мәліметтер;
- көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету, оларды жетілдіру және дербестендіру үшін қажетті мәліметтер: қызметтер көрсету тарихы мен мінез-құлық үлгілерін; IP-мекенжайды; телеметриялық деректерді; геолокация туралы деректерді; cookie-файлдардың деректерін; браузер және операциялық жүйе туралы мәліметтерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей жүйесі; пайдаланылатын құрылғы туралы деректер, сондай-ақ қызмет көрсету кезінде құрылғының датчиктерінен алынған деректер (оның ішінде телефон кітапшасының контактілеріне, фотосуреттер галереясына, камераға, микрофонға және құрылғының өзге де функцияларына рұқсат беру кезінде);
- осы Келісімде көзделген көлемде мәліметтерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, Субъект өкілі болып табылатын тұлғаның заңды өкілі, бенефициарлық меншік иесі, құрылтайшысы (лары), басшысы(лары) және қызметкері(лері) туралы мәліметтер(болған кезде);
- Меншік иесінің және (немесе) Оператордың ресми интернет-ресурсында жарияланған, жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің бекітілген тізбесіне сәйкес мәліметтер.
II. Үшінші тұлғалар:
- Меншік иесінің және (немесе) Оператордың еншілес ұйымдары/үлестес ұйымдары, «Банк ЦентрКредит» АҚ ірі акционері, «Банк ЦентрКредит» АҚ ірі акционерінің үлестес ұйымдары, сондай-ақ олардың жұмыскерлері, кеңесшілері мен аудиторлары;
- «цифрлық үкімет» веб-порталының операторы, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік, сондай-ақ мемлекеттік емес заңды тұлғалардың цифрлық объектілерінің меншік иелері және (немесе) иеленушілері;
- дербес деректері бар базалардың және (немесе) цифрлық объектінің меншік иелері және (немесе) операторлары;
- кредиттік бюролар;
- куәландырушы орталықтар;
- ҚР заңнамасында белгіленгендей, соттар, уәкілетті органдар, құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар, лауазымды және өзге де уәкілетті тұлғалар;
- ҚР заңнамасына сәйкес ҚР Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
- төлем жүйелері, оның ішінде халықаралық төлем жүйелері, сондай-ақ олардың қатысушылары, жанама қатысушылар, еншілес ұйымдар/үлестес тұлғалар, төлем қызметтерін және төлем (мобильді) сервистерін жеткізушілер, корреспондент банктер, процессингтік ұйымдар, оларды Меншік иесі және (немесе) Оператор қызметтер көрсету үшін жалдаған немесе болашақта жалдайтын кез келген өзге үшінші тұлғалар, төлемдерге және/немесе ақша аударымдарына қатысушылар;
- ұялы байланыс операторлары;
- Меншік иесі және (немесе) Оператор жасалған және (немесе) жасалатын шарттар бойынша талап ету құқықтарын беретін (немесе беруі мүмкін) тұлғалар, сондай-ақ міндеттемедегі тұлғалардың ауысуына байланысты Меншік иесі және (немесе) Оператор шарттар жасасатын (немесе жасасуы мүмкін) тұлғалар;
- егер Субъект «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қатысушыларымен немесе АХҚО банктерінде ашылған банк шоттарын пайдалана отырып операцияларды жүзеге асырған жағдайда, АХҚО органдары және (немесе) ұйымдары;
- құқықтық қатынастары бар не болашақта туындауы мүмкін өзге де тұлғалар (оның ішінде Меншік иесінің және (немесе) Оператордың серіктестері).
III. Дербес деректерді жинау, өңдеу мақсаты:
- өтінімді қарау үшін, сондай-ақ Меншік иесі және (немесе) Оператор көрсетуі мүмкін банктік және (немесе) брокерлік қызметтерді және (немесе) активтерді номиналды ұстау қызметтерін және (немесе) сенімгерлікпен басқару қызметтерін, сақтандыру қызметтерін, лизингті және (немесе) басқа да қызметтерді көрсету үшін;
- қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын Меншік иесінің және (немесе) Оператордың ҚР заңнамасына сәйкес іскерлік қатынастарды орнату және операцияларды жүзеге асыру кезінде клиентті тиісінше тексеру жөніндегі міндеттерін орындауы үшін, оның ішінде ҚР «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес Меншік иесі және (немесе) Оператор қатысушысы болып табылатын «BCC» қаржы тобының клиенттерін тиісінше сәйкестендіру мақсатында, сондай-ақ валюталық бақылауды жүзеге асыру үшін;
- Меншік иесінің және (немесе) Оператордың ішкі бақылауы мен есебі үшін, сондай-ақ тиісті шарттар (келісімдер) бойынша Субъектінің өз міндеттемелерін тиісінше орындауын бақылау мен растау үшін;
- Меншік иесінің және (немесе) Оператордың Субъектіні сәйкестендіруге/аутентификациялауға/авторизациялауға байланысты іс-шараларды (міндеттерді) орындауы және ҚР заңнамасына және тиісті шарттардың талаптарына сәйкес санкцияланбаған операциялардың тәуекелін барынша азайту мақсатында Субъект ұсынған және Меншік иесі және (немесе) Оператор пайдаланатын мәліметтердің/деректердің/алгоритмдердің/кодтардың/ символдардың/сәйкестендіргіштердің/нөмірлердің және басқалардың дұрыстығын (дұрыстығын) тексеру үшін (оның ішінде, Меншік иесінде және (немесе) Операторда және өзге де көздерде бар дербес деректерді және өзге де мәліметтерді алу/салыстыру арқылы);
- Меншік иесінің және (немесе) Оператордың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта және соттан тыс қорғау үшін, оның ішінде жасалған шарттар (келісімдер) бойынша міндеттемелер бұзылған жағдайда, сондай-ақ даулы жағдайлар туындаған кезде, оның ішінде үшінші тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылады;
- осындай шарттар (келісімдер) бойынша міндеттемелер бұзылған жағдайда, Меншік иесінің және (немесе) Оператордың коллекторлық агенттіктермен және (немесе) өзге де мамандандырылған тұлғалармен немесе Меншік иесінің және (немесе) Оператордың тиісті шарттар (келісімдер) бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тапсырылатын қызметкерлерімен/өкілдерімен жұмыс істеу мақсаттары үшін, сондай-ақ кепіл мүлкін сатуға байланысты сауда-саттық өткізу үшін;
- Меншік иесінің және (немесе) Оператордың және оның серіктестерінің өнімдері және (немесе) қызметтері туралы ақпаратты және телефон, және өзге де байланыс түрлері бойынша, оның ішінде ашық арналар (SMS, e-mail, әлеуметтік желілер, push-хабарламалар, қоңыраулар және т.б.) бойынша өзге де хабарламаларды қоса алғанда, қызмет көрсету сапасын арттыру және маркетингтік бағдарламаларды жүргізу, сондай-ақ Субъектіге ақпараттық материалдарды жіберу арқылы маркетингтік және жарнамалық науқандарды әзірлеу үшін;
- мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде ҚР заңнамасында көзделген мемлекеттік және өзге де қызметтерді алу үшін;
- ҚР заңнамасында көзделген талаптарды орындау үшін;
- ҚР заңнамасында, сондай-ақ Субъект пен Меншік иесі және (немесе) Оператор арасында жасалған олардың арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін шарттар мен өзге де құжаттарда көзделген өзге де мақсаттар үшін.
IV. Осы Келісім Субъект (немесе Субъект өкілі болып табылатын тұлға) оны ұсынған (ұсынғанын растаған) күннен бастап күшіне енеді және мына кезеңдер ішінде әрекет етеді:
- өтінімді қарау кезеңі және банктік және (немесе) брокерлік қызметтерді және (немесе) номиналды ұстау қызметтерін және (немесе) активтерді сенімгерлікпен басқару қызметтерін және (немесе) сақтандыру қызметтерін, лизингті және (немесе) ҚР заңнамасында көзделген және Меншік иесі және (немесе) Оператор ұсынатын өзге де қызметтерді көрсету кезеңі;
- ҚР заңнамасына сәйкес қызметтер көрсетуге, сондай-ақ Субъект пен Меншік иесі және (немесе) Оператор және (немесе) Оператор арасындағы шарттарды, келісімдерді және өзге де мәмілелерді жасасуға және орындауға байланысты туындаған Субъект пен Меншік иесі және (немесе) Оператор (осы келісімде көрсетілген Операторлардың ең болмағанда біреуі) арасындағы құқықтық қатынастардың қолданылу кезеңі;
- Субъектінің Меншік иесі және (немесе) Оператор алдындағы, сондай-ақ үшінші тұлғалар алдындағы өз міндеттемелерін орындау мерзімі ішінде;
- Меншік иесінің және (немесе) Оператордың бірінші деңгейдегі құжаттарды (бастапқы құжаттарды) сақтауы үшін ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдер;
- осы Келісімнің III тарауында көзделген талаптардан туындайтын өзге де кезең.
Келісімге келесі тәсілдердің бірі арқылы қол қойылған:
- Субъектінің өз қолымен қойған қолы
- Биометрия жүйесі
- ЭЦҚ
- Бір жолғы динамикалық кодты енгізу арқылы (OTP)
Мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілеріндегі дербес деректерге қол жетікізу кезінде келісім мемлекеттік сервис арқылы келесідей тәсілмен берілуі мүмкін:
- «1414» Бірыңғай байланыс орталығының SMS-шлюзі