«BCC Life» АҚ балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық қайырымдылық жобасын өткізді

2024 жылдың соңында, жаңа жылдық мерекелер қарсаңында «BCC Life» АҚ Алматы облысындағы «Солнышко» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бірегей қайырымдылық жобасын жүзеге асырды.
Жоба «Мама PRO» қорының қолдауымен ұйымдастырылды және жаңа жылдық гүл шоқтары мен шырша әшекейлерін жасау бойынша шеберлік класын өткізуді қамтыды. Бастаманың басты мақсаты балаларға қолдау көрсету, оларға шығармашылық әлеуетін ашуға және шығармашылық пен мереке атмосферасына енуге мүмкіндік беру болды.
Шеберлік класс барысында балалар жаңа жылдық сиқырлы уақыттың есте қаларлық символына айналған өздерінің жеке бұйымдарын жасады. Балалар туындылардың бір бөлігін алғыс ретінде «BCC Life» АҚ-на беруді ұйғарды. Компания бұл өнімдерді серіктестеріне жаңа жылдық сыйлықтар ретінде жіберді.
«Біздің компания қоғам алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін нығайтуға ұмтылады. Бұл жоба инклюзияға назар аударудың және барлық балалар үшін тең мүмкіндіктер мәдениетін қалыптастырудың маңызды қадамы болды. Біз қайырымдылық бастамалары мен еріктілік үйлесімді қоғам құруға көмектесу арқылы тұрақты дамуға айтарлықтай үлес қосады деп сенеміз.
Балалардық қолымен жасалған әрбір туынды – жай ғана сыйлық емес, ішкі жан-дүниенің, жылулықтың және қуаныш сыйлауға деген шынайы ұмтылыстың көрінісі. Біз осы талантты балаларды таңғажайып сиқырдың бір бөлігін сыйлау арқылы қолдай алғанымызға қуаныштымыз және оларды шабыттандыратын жолының бір бөлігі болғанымызды мақтан тұтамыз», - деп «BCC Life» АҚ Басқарма төрағасы жоба бойынша өз пікірін білдірді.
«BCC Life» АҚ қоғамды қолдауға бағытталған бастамаларды белсенді дамытуды және әлеуметтік жауапкершілікті тұрақты және мейірімді әлем құруға үлес қосқан өз қызметіне біріктіруді жалғастыруда.
Соңғы жаңалықтар
3 дня назад
Алматыда сақтандыру нарығының болашағы талқыланады

3 дня назад
«BCC Life» инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алды

3 дня назад
BCC Life және PARYZ ESG, еңбек қауіпсіздігі және сақтандыру тәуекелдері бойынша форум өткізеді

3 дня назад
BCC Life STUDENTS ON ICE 2026 шоуының сақтандыру серіктесі атанды

3 дня назад
20 грамға дейінгі алтын құймаларды ұтып алыңыз!

3 дня назад
"Көбірек жүлде" акциясы бойынша ұтыс нәтижелері
