BCC LIFE S&P GLOBAL CSA БАҒАЛАУЫ БОЙЫНША САҚТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ӘЛЕМДІК ҮЗДІК РЕЙТИНГІНЕ ЕНДІ

Алматы, 2026 жылғы 30 қазан. «BCC Life» ӨСК» АҚ S&P Global Corporate Sustainability Assessment (S&P Global CSA) корпоративтік тұрақтылықты халықаралық бағалау аясында мүмкін болған 100 балдың 55-ін иеленді. BCC Life нәтижесі нарықтағы орташа көрсеткіштен жоғары және компанияның орнықты даму қағидаттарын ұстанатынын, корпоративтік басқаруды жетілдіруге және бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге бейілділігін растайды.
Компания әлеуметтік бағыт (S - 68 балл) және корпоративтік басқару бағыты (G - 63 балл) бойынша ең жоғары нәтижелер көрсетті. Экологиялық бағыт (E) бойынша баға 7 балды құрады.
BCC Life үшін орнықты даму - клиенттердің сенімін нығайтуға, өмірді сақтандыру мәдениетін дамытуға және халықтың қаржылық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді стратегияның бір бөлігі. Компания орнықты даму қағидаттарын өз қызметіне жүйелі түрде енгізіп, корпоративтік тәжірибелер мен мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл тәсілдерін жетілдіріп келеді.
Сонымен қатар «BCC Life» ӨСК-ның Қазақстандағы сақтандыру компаниялары арасында халықаралық ESG-бағалау нәтижелерін алғаш болып ашық жариялауы ерекше маңызға ие. Бұл компанияның ашық диалогқа және бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге дайын екенін көрсетеді. Біз бағалау нәтижесін алып қана қоймай, өз көрсеткіштеріміз туралы ашық айтып, алға жылжып келеміз.
«Біз үшін орнықты даму - ең алдымен клиенттер, қоғам және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. S&P Global CSA бағалауының нәтижелері осы бағыттағы жүйелі жұмыстың маңызын және жоғары халықаралық стандарттарды ұстануға деген ұмтылысымызды растайды. Біз BCC Life жетістіктерін бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге және ұзақ мерзімді тұрақтылыққа ерекше мән беретін BCC тобының орнықты даму жөніндегі жалпы стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырамыз», - деп атап өтті BCC Life өмірді сақтандыру компаниясының (ӨСК) Басқарма төрағасы Гульжан Джаксымбетова.
Қол жеткізілген нәтижелер BCC Life компаниясының ғана емес, бүкіл BCC тобының орнықты даму стратегиясын ұстанатынын көрсетеді. Топ ESG қағидаттарын өз қызметіне енгізуге, бизнесті жауапкершілікпен жүргізуге және клиенттер, қоғам мен Қазақстан экономикасы үшін ұзақ мерзімді құндылық қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі.
Еске сала кетейік, 2026 жылы Банк ЦентрКредит S&P Global CSA корпоративтік тұрақтылық бағасын өткен жылғы 75 балдан 100 балдың 78-іне дейін көтерді.
S&P Global Corporate Sustainability Assessment (CSA) - компаниялардың экологиялық, әлеуметтік, басқарушылық және экономикалық қызмет бағыттарын қамтитын корпоративтік орнықты даму тәжірибелерін жыл сайынғы бағалау. Бағалау S&P Global салалық әдіснамасына сәйкес 0-ден 100 балға дейінгі шкала бойынша жүргізіледі және компаниялардың ESG-факторларды басқару мен ақпаратты ашуға қатысты тәсілдерін салыстыруға мүмкіндік береді.
BCC Life үшін S&P Global CSA бағалауы - өз нәтижелерін халықаралық тәжірибелермен салыстыру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар орнықты даму саласындағы алдағы басымдықтарды айқындауға арналған құрал.
Тәуелсіз бағалау компанияның күшті тұстарын көруге, жетілдіруді қажет ететін бағыттарды айқындауға және корпоративтік тәжірибелердің сапасын жүйелі түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Клиенттер, серіктестер және қаржы нарығы тарапынан ESG-факторларға деген назар артып отырған жағдайда мұндай нәтижелер ерекше маңызға ие болып, компания қызметінің ашықтығын және оған деген сенімді нығайтады.
Соңғы жаңалықтар
кеше
ӨСУДЕН МОЙЫНДАУҒА ДЕЙІН: MOODY’S BCC LIFE КОМПАНИЯСЫНА ТҰРАҚТЫ БОЛЖАММЕН BA1 РЕЙТИНГІН БЕРДІ

кеше
BCC LIFE S&P GLOBAL CSA БАҒАЛАУЫ БОЙЫНША САҚТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ӘЛЕМДІК ҮЗДІК РЕЙТИНГІНЕ ЕНДІ

өткен ай
Пластикалық бөтелкелер мен алюминий құтыларды жинауға арналған қала күніне арналған эко-сыйлық

2 ай бұрын
Алматыда сақтандыру нарығының болашағы талқыланады

2 ай бұрын
«BCC Life» инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алды

3 ай бұрын
BCC Life және PARYZ ESG, еңбек қауіпсіздігі және сақтандыру тәуекелдері бойынша форум өткізеді
