Алматыда сақтандыру нарығының болашағы талқыланады

2026 жылғы 17 қыркүйекте Алматыда Kazakhstan Insurance Forum 2026 өтеді. Бұл - Қазақстанның сақтандыру нарығындағы негізгі өзгерістерді талқылау үшін мемлекеттік органдардың, қаржы және сақтандыру секторының, бизнес пен халықаралық сарапшылар қауымдастығының өкілдерін біріктіретін іскерлік алаң.
Биылғы форумның тақырыбы: «Жаңа көкжиектер. Нарықты қайта жаңғырту және сенім үшін күрес». Талқылаудың негізгі өзегінде Қазақстанның сақтандыру нарығын дамыту, реттеуді жаңарту, цифрлық трансформация, компаниялардың қаржылық тұрақтылығы және азаматтар мен бизнестің сақтандыруға деген сенімін арттыру мәселелері болады. Іс-шараның ұйымдастырушысы - «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ.
Сақтандыру нарығы өзгеріске ұшырауда, сонымен бірге сақтандырушыларға қойылатын талаптар да өзгеруде. Трансформацияның негізгі факторларының бірі реттеуші ортаны жаңарту болмақ. Сондықтан форумда қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасының сақтандыру секторын 2030 жылға дейін дамыту бағдарламасын іс жүзінде іске асыру мәселелерін, сондай-ақ ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының жаңа тұжырымдамалық редакциясын әзірлеу барысын талқылайды. Сақтандыру компаниялары үшін алдағы өзгерістер жаңа талаптарға бейімделуді ғана емес, сонымен қатар капиталдандыру, тәуекелдерді басқару және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету тәсілдерін қайта қарауды да білдіреді.
Форумда клиенттердің сеніміне ерекше назар аударылады. Қатысушылар сақтандыру құралдарын неғұрлым түсінікті әрі сұранысқа ие ету жолдарын, соның ішінде өмірді жинақтаушы сақтандыру, зейнетақы аннуитеттері және ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау сегменттеріндегі мүмкіндіктерді талқылайды.
Форумның халықаралық күн тәртібі Жібек жолы бағыттарындағы сақтандыруды дамыту мәселелеріне арналады. Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркия және Қытай сақтандыру қауымдастықтарының өкілдері транзиттік жүктерді қорғау, климаттық және экологиялық тәуекелдерді басқару, көлік инфрақұрылымына инвестициялар тарту және елдер арасындағы сақтандыру қағидаларын жақындастыру мәселелерін талқылайды. Басты назардағы бастамалардың бірі - Turkic World Insurance Union құру.
Форум аясында еліміздің актуарлық мектебінің 25 жылдығына арналған Қазақстан актуарийлерінің конгресі өтеді. Сарапшылар заманауи кәсіби стандарттарды, тәуекелдерді бағалаудың халықаралық әдістемелерін және сақтандыру нарығының жаңа сын-қатерлеріне жауап бере алатын мамандарды даярлау мәселелерін талқылайды.
KAZAKHSTAN INSURANCE FORUM 2026 қатысушылары қатарында ҚНРДА, Ұлттық экономика министрлігі, «Атамекен» ҰКП, БЖЗҚ, KASE, сақтандыру және қаржы ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен кәсіби бірлестіктердің өкілдері болады.
Форумның серіктестері - «BCC Life» ӨСК» АҚ және «SINOASIA B&R» СК» АҚ. Компаниялар өмірді сақтандыруды, ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлауды дамыту және клиенттердің сақтандыру құралдарына деген сенімін арттыру мәселелері жөніндегі кәсіби диалогқа қатысады.
Kazakhstan Insurance Forum 2026 азаматтар мен бизнес үшін сақтандыру нарығын неғұрлым тұрақты, заманауи әрі түсінікті ету жолдарын кәсіби тұрғыда талқылайтын алаңға айналады. Қатысушылар заңнамадағы жаңашылдықтардан бастап сақтандыру өнімдерін жетілдіру мен халықаралық интеграцияға дейінгі мәселелерді талқылайды.
Соңғы жаңалықтар
3 дня назад
Алматыда сақтандыру нарығының болашағы талқыланады

3 дня назад
«BCC Life» инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алды

3 дня назад
BCC Life және PARYZ ESG, еңбек қауіпсіздігі және сақтандыру тәуекелдері бойынша форум өткізеді

3 дня назад
BCC Life STUDENTS ON ICE 2026 шоуының сақтандыру серіктесі атанды

3 дня назад
20 грамға дейінгі алтын құймаларды ұтып алыңыз!

3 дня назад
"Көбірек жүлде" акциясы бойынша ұтыс нәтижелері
