ВСС Life сақтандыру қызметіне лицензия алды

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «ВСС Life» ӨСК» АҚ 08.11.2024 жылғы № 2.2.19 сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия берді. Лицензия өмірді сақтандыруды, зейнетақы және аннуитеттік сақтандыруды, сондай-ақ мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша сақтандыруды, ауру жағдайын сақтандыруды және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды қоса алғанда, сақтандырудың әртүрлі сыныптарында жеке тұлғалармен және бизнес-клиенттермен сақтандыру шарттарын жасасу құқығын береді. Бұл лицензия Компанияның сақтандыру ұйымдары үшін барлық қажетті заңнамалық талаптарға сәйкестігін растайды.
«Өмірді сақтандыру компаниясы бірінші кезекте ЦКБ тобының клиенттеріне барлық қаржылық қызметтерді бір жерде ұсыну үшін құрылған. Қысқа мерзімде біз компанияны сәтті тіркедік және сақтандыру қызметіне лицензия алдық. Біз қазақстандықтарға әртүрлі өмірлік жағдайларда өздерін қорғалған сезінуге көмектесетін қызықты және қолжетімді сақтандыру өнімдерін ұсынуға дайынбыз. Біз клиенттерге болашағын сенімді түрде жоспарлауға көмектесетін жаңа шешімдерді ұсына отырып, сақтандыру нарығын кеңейтуге тырысамыз», – оқиғаға қатысты «ВСС Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Гульжан Джаксымбетова пікір білдірді.
Жақын арада «ВСС Life» ӨСК» АҚ жаңа сақтандыру өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр. Жеке клиенттер үшін өмірді жинақтаушы сақтандыру және несие алу кезінде сақтандыру бағдарламалары қолжетімді болады. Бизнес-клиенттер қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру қызметтерін пайдалана алады. Сақтандыру шешімдері өзгермелі экономика және сыртқы орта жағдайында клиенттердің қаржылық мүдделерін сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Соңғы жаңалықтар
3 дня назад
Алматыда сақтандыру нарығының болашағы талқыланады

3 дня назад
«BCC Life» инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алды

3 дня назад
BCC Life және PARYZ ESG, еңбек қауіпсіздігі және сақтандыру тәуекелдері бойынша форум өткізеді

3 дня назад
BCC Life STUDENTS ON ICE 2026 шоуының сақтандыру серіктесі атанды

3 дня назад
20 грамға дейінгі алтын құймаларды ұтып алыңыз!

3 дня назад
"Көбірек жүлде" акциясы бойынша ұтыс нәтижелері
